Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
Шығу
Кіру
Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қош келдіңіз!
Бұл — Ехоба куәгерлері шығарған басылымдарды әртүрлі тілде зерттеуге көмектесетін онлайн кітапхана.
Басылымдарды жүктеу үшін мына сайтқа кіріңіз: jw.org
  • Бүгін

6 қараша, бейсенбі

Барлық жағдайда Құдайға алғыс айтыңдар (Сал. 1-х. 5:18).

Ехобаға алғыс айтыңыз. Оның біз үшін жасаған жақсылығы көп қой. Сол үшін қалай алғыс айтпай тұра аламыз?! Біздегі бүкіл игі сыйлардың бәрі, түптеп келгенде, Ехобадан (Жақ. 1:17). Мысалы, көркіне көз тоймас табиғаты үшін, қызықты да қылықты жаратылыстары үшін рақмет айтсақ болады. Сондай-ақ бізге сыйлаған өмірі, отбасымыз, дос-жарандарымыз және үмітіміз үшін де алғыс айтайық. Ал өзімен дос болу мәртебесін сыйлағаны үшін алғысымыз тіптен шексіз! Ехобаның жеке бізге жасап жатқан жақсылықтарына алғыс білдіру үшін, күш салып, ойлану керек болар. Өйткені жан-жағымызды алғыстан жұрдай адамдар қоршаған. Олар қолда барларына риза болудың орнына, ала берсем екен дейді. Егер осындай ой қалып бізге де сіңген болса, онда дұғада тек сұрай беретін боламыз. Бұның алдын алу үшін Ехобаның бар жақсылығына ризашылығымызды өсіре берейік әрі оны білдіріп отырайық (Лұқа 6:45). w23.05 4-б., 8, 9-абз.

Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу. 2025

7 қараша, жұма

Тек еш күмәнданбай, сеніммен сұрасын (Жақ. 1:6).

Мейірімі мол Әкеміз Ехоба біздің қасірет шегіп, қиналғанымызды қаламайды (Ишая 63:9). Бірақ ол қиындықтың бәрін жолымыздан алып тастамайды. Десе де ол осындай бейнелі өзен мен жалыннан “өтуге” көмектесемін деп уәде еткен (Ишая 43:2). Ол ешқандай сынақтың бізді одан ажыратуына жол бермейді. Сондай-ақ ауыртпалығымызды көтеруге көмектесу үшін бізге киелі рухын береді (Лұқа 11:13; Філіп. 4:13). Ендеше, Ехоба әрдайым бізге табанды болуға әрі адалдық сақтауға қажеттінің бәрін беретініне нық сенімді болайық. Ехоба біздің оған сенім артқанымызды қалайды (Евр. 11:6). Кейде басымызға түскен қиындықтар бағынбас биік белестей көрінеді. Сондайда Ехобаның бізге қол ұшын созатынына күмәндана бастауымыз мүмкін. Бірақ Киелі кітапта біз Құдайдың күшімен “дуалға да шыға алатынымыз” айтылған (Зәб. 18:29). Сондықтан Ехобаның дұғамызға жауап беріп, көмектесетініне еш күмәнданбай, оған толық сеніммен дұға етуіміз қажет (Жақ. 1:6, 7). w23.11 22-б., 8, 9-абз.

Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу. 2025

8 қараша, сенбі

Махаббат... жалыны — лаулаған от, Ехобаның жалыны. Махаббатты тасқын сулар өшіре алмас, Өзендер де шайып жібере алмас (Таң. ә. 8:6, 7).

Не деген теңеу! Иә, бұдан ерлі-зайыптылар мынаған нық сенсе болады: олардың махаббаттары өткінші емес, баянды бола алады. Ерлі-зайыптының махаббаты баянды я баянсыз болуы өздеріне байланысты. Мысалы, далада от жағып отырсақ, ол өшіп қалмас үшін отын салып отыру керек. Ешкім отын салмаса, от сөнеді де қалады. Некеде де дәл солай: ерлі-зайыптының арасындағы махаббат берік әрі баянды болу үшін, олар отын салып, қарым-қатынастарын нығайтып отыру керек. Бірақ кейде ерлі-зайыптының арасы салқын тартуы мүмкін. Бұған ақша мен денсаулық мәселесі, бала өсіріп, тәрбиелеудің қиындықтары себеп болып жатады. “Ехобаның жалыны” жалындап тұру үшін күйеуі мен әйелі күш салып, Ехобамен қарым-қатынастарын нығайтып отыру керек. w23.05 20-б., 1—3 абз.

Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу. 2025
Қош келдіңіз!
Бұл — Ехоба куәгерлері шығарған басылымдарды әртүрлі тілде зерттеуге көмектесетін онлайн кітапхана.
Басылымдарды жүктеу үшін мына сайтқа кіріңіз: jw.org
  • Қазақ
  • Бөлісу
  • Баптаулар
  • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
  • Пайдалану тәртібі
  • Құпиялық саясаты
  • Құпиялық параметрлері
  • JW.ORG
  • Кіру
Бөлісу